Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың 1 қазанына облыстан 24,5 млн. долларды құрайтын 72,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 110,9 пайызға артып отыр (салмақ бойынша 130,9 пайызға артты). Оның ішінде 97,9% өңделген өнімдерді құрайды.
Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне экспортталып келеді.
Барлық экспортталған өнімнің 91,3 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 66,1 мың тонна күріш өнімі (18,7 млн.доллар) экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 127,7 пайызға артып отыр.
Биылғы жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 517,1 тонна (44,8 мың долл.) қамыс және Өзбекстанға 136 тонна (32,6 мың доллар) бидай ұны жөнелтілді.
Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна (307,8 мың долл.) мақсары майы экспортталды.
Сонымен қатар, облыс бойынша Ресей мемлекетіне 1 270 тонна қарбыз, 137,6 тонна қауын экспортталды.