Меню

Страницы

Статья

Сыр елінің ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

Жыл басынан бері облыстан 22,5 млн. долларды құрайтын 66,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, бидай ұны, сабан, мақсары майы, қауын және қарбыз) өзге елдерге экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға артты (салмақ бойынша 136,4 пайызға артты). Оның ішінде 97,8% өңделген өнімдерді шетке саудаланған. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жеткізілуде.
Барлық экспортталған өнімнің 91,0 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения және Ирак мемлекеттеріне экспортталған.
Есепті кезеңге 60,2 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 132,0 пайызға артып отыр.
Биылғы жылы алғаш рет облыстан Германия мемлекетіне 421,5 тонна қамыс және Өзбекстанға 136 тонна бидай ұны жөнелтілді.
Сондай-ақ, Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне 391,5 тонна мақсары майы, Ресей мемлекетіне 1270 тонна қарбыз, 137 тонна қауын экспортталды.

 

 

Дата публикации
09 ноября 2020
Дата обновления
09 ноября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы