Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар.
Күріштің көлемі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтырғы жылғы көлемнен 10,9 мың гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға орналастырылды.
Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы,873 гектар судан шөбі,409 гектар сүрлемдік жүгері,373 гектар соя, 120 гектар мал жемдік асқабақ, 326 гектар тары, 1 338 гектар картоп, 6 687 гектар көкөніс, 8 501 гектар бақша егілді.
Жоспарланған дәндік жүгері дақылының бүгінгі күні 10 557 гектары егілді.
Сонымен қатар, негізгі дақыл күрішті егу жұмыстары бүгінгі күнге 70 000 гектары егіліп, суға бастырылды.
Облыс бойынша 17 500 тонна күріш тұқымы құйылды.
2026 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 65,6 мың тоннаны бүгінгі күнге 64,2 мың тоннасы немесе 97,9% сатып алынды.
Сонымен қатар, қажетті 85,4 мың литр гербицидтің 84,1 мың литрі (98,6%) сатып алынды.
2026 жылы есеп бойынша шаруашылық құрылымдарының қолда бар 3975 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары көктемгі дала жұмыстарына қатысу жоспарланған (Оның ішінде 2047 тракторлар, 466 соқа, 237 тұқым сепкіш, 316 жүк көлігі және 909 трактор тіркемелері).
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан егіс жұмыстарына қажетті 21,7 мың тонна көлемінде арзандатылған дизель отынына өтінім берілді. Оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына 10,1 мың тн, күзгі егін жинау жұмыстарына 11,6 мың тн. Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес ақпан-маусым айларына бөлінген 10,1 мың тонна арзандатылған дизель отының 9,2 мың тоннасына қаржысы төленіп, облысқа 8 мың тоннасы жеткізілді. Шаруашылықтарға таратылғаны 7,3 мың тонна.
Облыс бойынша 2026 жылғы дала жұмыстарына дайындық барысы тұрақты бақылауда.