Мемлекет Басшысының пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылы облыс бойынша 30 мың гектар жерлерді мемлекет меншігіне қайтару көзделіп, бүгінгі күнге көлемі 16,1 мың гектарды құрайтын 58 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
2022-2025 жылдары қайтарылған 504,6 мың га жерлердің 456,1 мың га (жоспар 90,3 % орындалды) қайта айналымға енгізілді, 48,5 мың га жерлер айналымға енгізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, мемлекеттің босалқы жерлерінен 2024 жылға облыс бойынша жалпы көлемі 67,9 мың га жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланып, нәтижесімен жергілікті бюджеттен 20,4 млн. теңге қаржы қаралып, жыл соңында жалпы көлемі 125 мың га жерлер айналымға алынып, жоспар 184%-ға орындалды.
2026 жылы облыс бойынша жалпы көлемі 70,0 мың га жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына алу жоспарланып, жыл басынан бері 8,7 мың га айналымға алынды, жоспар 12,4 % орындалды.