Статистикаға сәйкес 2025 жылы облыстан 99,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы, қызанақ, қауын, қарбыз, қой мен ешкі) әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 90,2 пайызын құрайтын күріш өнімі Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Румыния, Венгрия, Сербия, Польша және Грузия мемлекеттеріне 2 470,6 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланды мемлекеттеріне 4 532,2 тонна қамыс, Өзбекстанға 15,6 тонна қой мен ешкі және Ресейге 265,1 тонна күріш қалдығы, 200,0 тонна қызанақ және 2 200,0 тонна қауын, қарбыз экспортталды.