Облыс бойынша 2026 жылдың 1 наурызына 372,1 мың бас МІҚ, 612,7 мың бас қой мен ешкі, 274,5 мың бас жылқы, 62,8 мың бас түйе және 120,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-2,3%-ға, жылқы-5,2%-ға, түйе-2,0%-ға артып, қой мен ешкі-5,7%-ға, құс-2,5%-ға кеміді.
Осы есепті кезеңде 6,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 6,3 мың тонна сүт және 0,8 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,4%-ға, сүт өндірісі 4,0%-ға, жұмыртқа 35,4%-ға артты.