2025 жылы Сыр өңірінде 189,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның ішінде 80,9 мың гектары күріш алқабы.
Биыл күріш алқаптарын лазерлік тегістеу көлемі 60 мың гектарға, су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі екі есеге дейін артып, 8,1 мың гектарға жеткізілді.
Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Егін жинау науқанына жалпы 4117 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды. Сондай-ақ, жаңа 139 техника агропаркке қосылды.
Нәтижесінде, облыс диқандары күзгі жиын-терімге уақытылы кірісіп, толағай табысқа қол жеткізді.
Облыс күрішшілері 470 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алды. Күріштен басқа дәнді дақылдардан 13 мың тонна; майлы дақылдар 5,6 мың тонна; картоп, көкөніс,бақшадан 380 мың тонна; мал азықтық дақылдары 358 мың тонна өнім жиналды.