Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 қарашасына облыстан 36,5 млн. долларды құрайтын 78,3 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,4 пайызын құрайтын күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 69 997,1 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Қырғызстан, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Румыния, Венгрия, Сербия, Польша және Грузия мемлекеттеріне 1 968,4 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланды мемлекеттеріне 3 738 тонна қамыс, Өзбекстанға 7,2 тонна қой мен ешкі және Ресейге 160,0 тонна күріш қалдығы, 200,0 тонна қызанақ және 2 200,0 тонна қауын, қарбыз экспортталды.