Облыс бойынша 2025 жылдың 1 желтоқсанына 409,7 мың бас МІҚ, 747,5 мың бас қой мен ешкі, 263,6 мың бас жылқы, 65,5 мың бас түйе және 122,0 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-0,3%-ға, жылқы-5,9%-ға, түйе-2,1%-ға артса, құс – 99,9%, қой мен ешкі – 95%-ды құрады.
Осы есепті кезеңде 34,2 мың тонна ет (тірі салмақта), 43,5 мың тонна сүт және 7,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 4,4%-ға, сүт өндірісі 2,4%-ға, жұмыртқа 8,7%-ға артты.