Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 тамызына облыстан 25,2 млн. долларды құрайтын 51,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 17 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 87,1 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 45 209,9 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 98,1 пайызды құрады.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай мемлекеттеріне 1 607,0 тонна балық, Германия, Польша, Түркия, Ұлыбритания және Нидерланды мемлекеттеріне 3 463,7 тонна қамыс және Ресейге 140,0 тонна күріш қалдығы, 60,0 тонна қызанақ және 1435,0 тонна қауын, қарбыз экспортталды.