Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 189,6 мың гектар алқапқа орналастырылды Негізгі дақыл күріш 80,9 мың гектар жерге егілді
Облыс бойынша ерте егілген дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды бүгінгі күні күріш жемшөп майлы дақылдар сондай-ақ көкөністер мен бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде
Бүгінгі таңда күріштің негізгі дақылының 63 643 гектары жиналды оның 53 945 гектары бастырылды Орташа өнімділік гектарына 51,4 центнерді құрайды
Күріш жинауды қазан айының екінші онкүндігінен кешіктірмей аяқтау жоспарлануда
Су үнемдеу технологияларын қолданудың арқасында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 3,7 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы 8,1 мың гектарды құрады
Облыста күзгі егін жинау науқанына 4117 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы құрылымдары 3,9 млрд теңгеге 133 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды
Күзгі егін жинау науқанын өткізу үшін 10,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес жергілікті операторлар арқылы 9,6 мың тонна төленді оның 7,0 мың тоннасы облысқа жеткізілді