Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,5 мың гектар.
Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, суға бастырылды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 4,3 мың гектар күздік бидай егуді және 50,4 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 5 362 гектар мақсары, 5 281 гектар жаздық бидай, 22 372 гектар жаңа жоңышқа, 290 гектар арпа, 437 гектар тары, 215 гектар қант құмайы, 143 гектар соя, 209 гектар күнбағыс, 2 003 гектар дәндік жүгері, 591 гектар сүрлем жүгері, 1 627 гектар картоп, 6 611 гектар көкөніс, 9 213 гектар бақша, 5 гектар сұлы, 194 гектар мал жемдік асқабақ егілді.
Сонымен қатар, 49 913 гектар ескі жоңышқа, 4 250 гектар күздік бидай тырмаланып, суарылды.
Қазіргі таңда күріш егісін үстеп қоректендіру және арам шөптерге қарсы жұмыстары атқарылуда.
Облыстың шаруашылық құрылымдары күтімге алған 49,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,4 мың гектары тұқымға қалдырылып, бүгінгі күнгі жағдай бойынша орылуға тиісті 47,5 мың гектардың I-ші орымы толық орылып 119,8 мың тн жоңышқа шөбі дайындалды, орта өнім гектарына 25,2 цн алынды. II орымнан 26,7 мың тонна өнім алынып, орта өнім 24,3 ц/га құрады.
Облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдық материалдарымен толық қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 64,6 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың, 74,1 мың литр гербицидтердің 100 пайызы сатып алынды.
Шаруашылықтардың қолда бар барлығы 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді.
Қазіргі таңда арзандатылған дизель отыны шаруашылықтарға әр литріне 254 теңгеден 8,0 мың тоннасы таратылды.