Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 мамырына облыстан 15,5 млн. долларды құрайтын 31,1 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 123,8 пайызға артты.
Өнімдер әлемнің 16 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 90,2 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 28 062 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 134,2 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай мемлекеттеріне 1 060,3 тонна балық, Германия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 1 900,5 тонна қамыс және Ресейге 80,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.