Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжануда. Оның ішінде дәндi дақылдар 97,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,6 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,6 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар.
Бүгінде ерте егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 9479 гектар жоңышқа, 2064 гектар мақсары, 3729 гектар бидай, 66 гектар арпа, 33 гектар қант құмайы және 13 гектар судан шөбі егілді.
Негізгі дақыл күрішті сәуір айының үшінші онкүндігінде бастау межеленіп отыр.
2025 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 22,2 мың тонна күріш тұқымы құйылды.
Сонымен қатар, егіске қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 64,6 мың тоннаны құраса, бүгінгі күнге оның 57 мың тоннасы сатып алынса, қажетті 74,1 мың литр гербицидтің 18 мың литрі сатып алынды.
Көктемгі егіс егу және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 10,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша қолда бар 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толық жөндеуден өткізілді.
Көктемгі дала және егін егу жұмыстарына дайындық барысы тұрақты бақылауда.