Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 ақпанына облыстан 6,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 14 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 92,5 пайызын құрайтын күріш өнімі Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталды.
Есепті кезеңде 6 181,8 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 143,5 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды мемлекеттеріне 173,1 тонна балық, Германия, Польша және Нидерланды мемлекеттеріне 304,8 тонна қамыс және Ресейге 20,0 тонна күріш қалдығы экспортталды.