Меню

Страницы

Статья

Егіс науқаны аяқталды 1 желтоқсан

Биылғы жылы өңірде 189,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Оның ішінде дәндi дақылдар 96,8 мың га, майлы  дақылдар 4,8 мың га, мал азықтық дақылдар 70,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектарға орналастырылса, Сырдың ақ күріші 85,6 мың гектар.

Мемлекет басшысының егістікті әртараптандыру тапсырмасына сәйкес, биыл 2,9 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Сондай-ақ, аймақта су үнемдейтін озық технологияларын енгізу көлемі 2023 жылы 872 гектар болса, биыл  4,4 мың гектарға жеткізілді.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диханшы қауымға су қажетті деңгейде жеткізілді.

Шаруашылықтар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникалармен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, егін жинау науқанына жалпы 4400 ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Жаңадан 250 техника агропаркке қосылып, 5%-ға жаңаланды.

Сыр өңірінің диқандары күзге толағай табыспен жетті. Облыс күрішшілері 500 мың тоннаға жуық өнімді қамбаға құйып, күріштің әр гектарынан 58 центнерден өнім алды.

Бүгінгі күні күріштен басқа дәнді дақылдардан 18,5 мың тонна,  майлы дақылдар 4,9 мың тонна,картоп, көкөніс,бақшадан 352,7 мың тонна, мал азықтық дақылдары 327 мың тонна өнім жиналды.

Дата публикации
06 января 2025
Дата обновления
06 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы