Биылғы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 191,5 мың гектарға, оның ішінде күріш көлемі 83,1 мың гектарға егілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары 100 пайызға толық қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, көктемгі егін егуге қажетті 63,3 мың тонна тыңайтқыштар толық көлемінде сатып алынды.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қолда бар 3799 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайыз жөндеуден өткізіліп көктемгі дала жұмыстарына қатысуда.
Көктемгі егіс егу және дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 13,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
2024 жылдың көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті 26,7 млрд. теңге қаржы толығымен қаржыландырылды.
Бүгінгі күнге 1,7 мың гектар дәндік жүгері, 793 га сүрлем жүгері, 4,7 мың гектар мақсары, 4,1 мың гектар картоп, 6,6 мың гектар көкөніс, 9,2 гектар бақша егілсе, 308 га мал жемдік асқабақ, 535 га тары және 5 га сұлы, 156 гектар күнбағыс, 290 гектар қант құмайын, 135 гектар соя, 382 гектар жаздық арпа, 5,7 мың гектар жаздық бидай, 3,6 мың гектар күздік бидай егілді.
Сонымен қатар, 21,8 мың гектар жаңа жоңышқа егіліп, 48,3 мың гектар ескі жоңышқа күтіп-баптауға алынды.
Күтімге алынған 48,3 мың гектар ескі жоңышқа 2,5 мың гектары тұқымға қалдырылып, орылуға тиісті 45,8 мың гектардың 39,8 мың гектары орылып, 103,1 мың тонна өнім алынды. Орта өнім 25,9 ц/га құрады.
Негізгі дақыл күріштің 83,1 мың гектарды егіліп, суға бастырылды.