Жалпы облыс көлемінде 2023 жылдың осы кезеңіне мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 225,4 мың га (бекітілген 200,0 мың га, жоспардың 113,0%) құрайтын 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
2023 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 190 учаске 76,1 мың га көлемде енгізілді.
Ағымдағы жылы көлемі 70 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару көзделуде.
Жыл басынан бері көлемі 8 593,0 гектар 19 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
2024 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 45 учаске 36,9 мың га көлемде енгізілді.