Жалпы облыс көлемінде 2023 жылдың осы кезеңіне мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 223,7 мың га (бекітілген 200,0 мың га, жоспардың 111,8%) құрайтын 173 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы айналымына 295 учаске 68,9 мың га көлемде енгізілді.
Жер учаскелерін электронды түрде сауда-саттықта табыстау
Жер учаскелерін электронды табыстау мәселесі цифрландыру шарасы аясында 2019 жылдан бастап көтерілген. ҚР Жер кодексіне, ережелеріне өзгерістер 2020-2021 жылдары енгізілді.
ҚР АШМ 15.10.2021 жылғы №297 бұйрығымен «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары» бекітілді.
2023 жылы Қызылорда облысы бойынша 115 аукцион өткізіліп, көлемі 55,8 гектар 161 жер учаскесі сауда-саттықпен табысталған.