Статистикаға сәйкес 2023 жылдың 1 қарашасына облыстан 46,4 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 85,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Түркменстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39 608,5 тонна күріш өнімі экспортталды.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Польша, Литва, Германия, Франция, Грузия, Әзірбайжан,Австрия, Нидерланды, Қытай, Дания және Румыния мемлекеттеріне 1 642,6 тонна балық, Өзбекстан мемлекетіне 102 бас- 28,6 тонна МІҚ, Германия, Дания, Нидерланды, Польша және Франция мемлекеттеріне 2 021,4 тонна қамыс, Ресей және Өзбекстан мемлекетіне 270,0 тонна күріш қалдығы және Қытай мемлекетіне 198,0 тонна күнбағыс тұқымы, 325,7 тонна көкөніс және 178,5 тонна мақсары тұқымы және 227,6 тонна көкөністер, Ресей мемлекетіне 320,0 тонна қызанақ, 1436,0 тонна қарбыз, 115,0 тонна қауын экспортталды.