Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсанына 415,8 мың бас МІҚ, 840,0 мың бас қой мен ешкі, 216,9 мың бас жылқы, 62,9 мың бас түйе және 122,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда МІҚ – 3,2%-ға, қой мен ешкі –2,9%-ға, жылқы 8,4%-ға, түйе 3,5%-ға, құс 0,4%- ға көбейген.
Есепті кезеңде 36,0 мың тонна ет (тірі салмақта), 85,6 мың тонна сүт және 7,1 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 2,0 %-ға, сүт өндірісі 1,5%-ға артты.