Ауылдық елді мекендердің жайылыммен қамтамасыз етілуіне 2023 жылдың 1 қаңтардағы статистикалық ақпаратына сәйкес талдау жасалды.
Облыс бойынша өзіндік қосалқы шаруашылықтардағы 1538 мың бас шартты мал басына 1966,5 мың га жайылым алқабы қажет етіледі.
Бүгінгі таңда, облыстағы 146 ауылдық округтің 97 округі жайылыммен толық қамтамасыз етілген, қажет жайылым – 941,0 мың га, қамтамасыз етілгені –941,0 мың га (100%).
29 округ жайылыммен ішінара қамтамасыз етілген, қажетті жайылым – 407,1 мың га, қамтамасыз етілгені –345,7 мың га, жетпейтін жайылым көлемі – 145,9 мың га (36%).
20 округ жайылыммен қамтамасыз етілмеген, қажеті – 618,4 мың га, қамтамасыз етілгені – 234,4 мың га, жетіспейтін жайылым көлемі – 384,2 мың га (62%).
Жалпы облыс бойынша жайылым жетпей тұрғаны – 530,1 мың га, қамтамасыз ету деңгейі – 73,0%.