Меню

Страницы

Статья

Облыста ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде

Облыста межеленген ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары оңтайлы мерзімдеріне сәйкес жүргізіліп, бүгінгі таңда толығымен аяқталды.
Биылғы жылы облыс бойынша жалпы егілген егіс көлемі 195,9 мың гектарға орналастырылса, негізгі дақыл күріш көлемі 88,1 мың гектарды құрады.
Анықтама ретінде: дәндi дақылдар – 100,4 мың га, майлы дақылдар – 5,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 70,4 мың га, қант қызылшасы 3 га, картоп, көкөнiс, бақша - 19,9 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 4,8 мың га күздік бидай егуді және 41,2 мың га сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Облыста егіс көлемдерін әртараптандыру бағытында қосымша биылғы жылы соя дақылының егіс көлемі 74 гектарға, қант құмайын 221 гектарға жеткізілді.
Сонымен қатар, су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы биылғы жылы барлығы 770 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі, оның ішінде 231,5 га көкөніс, 331 га бақша, 12,5 га картоп, 130 га жаңа жоңышқа, 65 га сүрлем жүгері дақылдары орналастырылды.

Дата публикации
04 июля 2023
Дата обновления
04 июля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы