2020 жылдың 1 cәуірдегі статистикалық деректерге сейкес облыстан 9,7 млн. долларды құрайтын 25,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (балық, күріш, бидай қалдығы, сабан) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,2 пайызды құрап отыр.
Экспортталған өнім 100 пайызды өңделген өнімдерді құрайды.
Барлық экспортталған өнімнің 94,1 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Беларус, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан, Түркменстан және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 24,4 мың тонна күріш өнімі (6,9 млн. доллар) аталмыш мемлекеттерге экспортталып, былтырғы жылдың сәйкестік кезеңімен салыстырғанда 15,3 пайызға артып отыр.