Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы анықтама

Облыс бойынша 2020 жылдың 1 сәуіріне 342,2 мың бас мүйізді ірі қара, 710,5 мың бас қой мен ешкі, 151,5 мың бас жылқы, 50,1 мың бас түйе, 2,9 мың бас шошқа, 114,4 мың бас құс өсірілуде.

Мал басын өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,1%-ға, қой мен ешкінің басы 0,8%-ға, жылқы 8,8%-ға, түйенің басы 4,6%-ға, шошқа 6,9%-ға көбейген, құстың саны 1,4%-ға кеміген.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 8326,3 тонна ет (тірі салмақта), 17235,0 тонна сүт және 925,4 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру – 2,7%-ға,
сүт өндіру -2,0%-ғаартса, жұмыртқа – 44,7%-ға кеміді.

Мемлекеттік қолдау

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2020 жылға жергілікті бюджеттен 2 432,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Осыдан қаржылық жоспарға сәйкес бүгінгі күнге 30 сәуірге
365 шаруашылыққа 1080,4млн. теңге субсидия төленді.

Аталған қаржы 20509 бас тауарлы мүйізді ірі қара аналықтарының селекциялық асыл тұқымдық жұмысына, 3000 бас ет бағытындағы асыл тұқымдымүйізді ірі қара аналықтарының селекциялық асыл тұқымдық жұмысына, 1461 бас асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ малын сатып алуға, 70 бас өнімділік бағыттағы асыл тұқымды жылқы айғырын сатып алуға, 1580 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығының азығына, 5900 бас асыл тұқымды қой малын сатып алуға, 300 ұя бал ара ұясымен селекциялық жұмысына, 5874 бас өткізілген қозы етіне, 1065 тонна өткізілген бұқашық етіне, 15,4 тонна өндірілген кымызға, 40,5 тонна өндірілген шұбатқа және 1850,6 тонна өндірілген сүт өніміне төленді.

Қазіргі таңға облыс бойынша 8385 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара, 78642 бас асыл тұқымды қой, 6882 бас асыл тұқымды жылқы және 3225 бас асыл тұқымды түйе тіркеліп, асыл тұқымды малдың үлес салмағы тиісінше МІҚ-2,5%, қой-16,9%, жылқы-4,7%, түйе-6,8%-ды құрады.

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Есеп
07 октября 2026
Қызылорда облысы aуыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы есебі
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі жұмыс жөніндегі анықтама 2026 жылғы III тоқсан
Ақпарат
07 октября 2026
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының халықпен жұмысы

Социальные медиа

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы