Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағдарламасы бойынша
147 880,0 мың теңге қаралып, 147 879,1 мың теңгесі қаржылық жоспарға сәйкес игерілді.
Бөлінген қаржыға күріштің жоғары репродукциялы 234,1 тонна элита,
1205 тонна бірінші репродукциялы тұқым, 23 тонна жүгерінің бірінші ұрпақ буданы, 1,2 тонна соя тұқымын алған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 128 өтінім түсіп субсидияланды.
Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагнеттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау
Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагнеттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау бойынша 127 024,0 мың теңге бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Облыс бойынша егілген 89,5 мың гектар негізгі дақыл күріштен жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін күріш арам шөптерімен залалданған 19,7 мың литр көлеміне пестицид препаратымен өңдеу жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, өңдеу жұмыстарын жүргізуге қажетті «Рейнбоу», «Топшот», «Номини», «Солито», «Оливер», «Ураган» және «КЕРБ W» пестицидтерін сатып алғаны үшін ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен түскен 21 өтінімдерге сәйкес субсидия төленді.
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау бағдарламасы бойынша 82649,0 мың теңге қаралып, бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен түскен
45 өтінімдеріне сәйкес үстіміздегі жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдеріне пайдаланылған 2,0 мың тонна «Сульфат аммоний», «Аммофос», «Аммиак селитрасы» және т.б сатып алынған минералды тыңайтқыштарының құны субсидияланды.
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бюджеттік бағдарламасы бойынша 624 137,0 мың теңге қаржы қаржыландыру жоспарына сәйкес а.ж. қазан, қараша айларына жоспарланып, толығымен игерілді.
Бюджеттік бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен түскен 109 өтінімдеріне 1.2 - «Ауыл шаруашылығы техникасын, машина, құрал-жабдықтарды сатып алу» субсидиялау паспортына сәйкес субсидиялау жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінген қаржыға іс-шаралар өткізу
Жергілікті атқарушы органының шұғыл шығындарға арналған шаралар өткізу бағдарламасы бойынша бөлінген 92908,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.
Өз кезегінде, өңірлік тұрақтандыру қорына қажетті азық-түлік тауарларының көлемін (бірінші сортты бидай ұны, күріш, қант, макарон, картоп, сәбіз, өсімдік майы, сиыр еті, тауық еті, сүт, тұз, сары май, тауық жұмыртқасы, жуа, қарақұмық жармасы) тиісті қаржы жылы ішінде сатып алынып, Қызылорда қаласында орналасқан 29 әлеуметтік дүкен мен 2 әлеуметтік маркетте өнімдер нарық бағасынан төмен бағада сатылуда.