1. Смаж жүйесі арқылы субсидиялауға өтінім тапсыру барысында электронды шот-фактураны бұғаттан қалай шығаруға болады?
Жауап: Субсидиялауға өтінім тапсырған сәтте тауар өндірушінің электронды шот-фактурасында қате кеткен жағдайда субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (СМАЖ) бұғатталып қалады. Бұғаттан шығару кезінде аталған электронды шот-фактурамен субсидия төленгені немесе төленбегені анықталып, төленбеген жағдайда бұғаттан шығарылады.
Нәтижесінде тауарөндіруші электронды шот-фактураны жөндеп қайтадан өтінім тапсыра алады.
2. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие қай бағыттарға беріледі?
Жауап: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдың әл аухатын арттыруға бағытталған. Басым бағыттары ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, мал және егін шаруашылығы саласындағы және ауыл шаруашылығы емес бизнес жобаларға беріледі.