Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласының дамуы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.
Тұжырымдаманың мақсатына жету үшін облыстың ауыл шаруашылығы саласында төмендегі жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекет тарапынан жыл сайын аграрлық саланы қолдауға бөлінген қаржылардың нәтижесінде салада өсім динамикасы қалыптасуда.
2025 жылы саланы қолдауға 31,3 млрд. теңге, оның ішінде субсидиялауға 14,2 млрд. теңге бөлінді (О.і. егін шаруашылығын дамытуға – 5,8 млрд. теңге, мал шаруашылығын дамытуға – 4,0 млрд. теңге, басқа да қолдау түрлеріне – 4,3 млрд. теңге).
ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 186,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,4 мың гектар, мал азықтық дақылдар 69,6 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,9 мың гектар.
Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, суға бастырылды.
Облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылы облыс бойынша барлығы 5,1 мың отбасына ұжымдық түрде бақша егуге қосымша 3,3 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 5,0 мың гектар күздік бидай егуді және 50,4 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Егін егу барысы
Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 6 055 гектар мақсары, 5 358 гектар жаздық бидай, 22 372 гектар жаңа жоңышқа, 368 гектар арпа, 349 гектар тары, 215 гектар қант құмайы, 143 гектар соя, 208 гектар күнбағыс, 1737 гектар дәндік жүгері, 591 гектар сүрлем жүгері, 1 623 гектар картоп, 6 733 гектар көкөніс, 8 511 гектар бақша, 6,5 гектар сұлы, 194 гектар мал жемдік асқабақ егілді.
Сонымен қатар, 49 913 гектар ескі жоңышқа, 4 250 гектар күздік бидай тырмаланып, суарылды.
Облыс бойынша егілген 5,0 мың га күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 6,1 мың тонна өнім алынды орта өнім гектарына 12,2 центнерден келді. Сол сияқты егілген 5,4 мың га жаздық бидай дақылы толығымен жиналып 3,5 мың тонна өнім алынды орта өнім гектарына 6,6 центнерден келуде, 368 га арпа толығымен жиналып, 256 тонна өнім алынды, орта өнімі 6,9 центнерден алынуда. Дәнді дақылдарды жинау жалғасуда.
Мал азығын дайындау
Облыстың шаруашылық құрылымдары күтімге алған 49,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,4 мың гектары тұқымға қалдырылып, бүгінгі күнгі жағдай бойынша орылуға тиісті 47,5 мың гектардың I-ші орымы толық орылып 119,8 мың тн жоңышқа шөбі дайындалды, орта өнім гектарына 25,2 цн алынды. II орымнан 86,8 мың тонна өнім алынып, орта өнім 22,3 ц/га құрады.
Тұқым дайындау
Облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдық материалдарымен толық қамтамасыз етілген.
Құйылған күріш тұқымының 1,1 тоннасы (0,01%) көбейтілген тұқым, 27,8 тоннасы (0,13%) супер элита, 231 тоннасы (1,4%) элита, 5204,5 тоннасы (23,4%) І - репродукциялы тұқым, 11396 тоннасы (51,3%) ІІ - репродукциялы тұқым, 3069,7 тоннасы (13,8%) ІІІ – репродукциялы тұқым, 2300 тоннасы (10,3%) ІV – репродукциялы тұқымды құрады.
Дайындалған 22230 тонна күріш тұқымының 47,4 тоннасы (0,2 %) Маржан, 539,4 тоннасы (2,4 %) Сыр сұлуы, 3 тоннасы (0,01%) Айкерім, 7 тоннасы (0,03%) Айсара, 15298 тоннасы (68,8%) Лидер, 3075,4 тоннасы (13,8%) Янтарь, 210 тоннасы (0,9%) Премиум, 160 тоннасы (0,7%) Виконт, 1860 тоннасы (8,4%) Маршал, 380 тоннасы (1,7%) Каурис, 360 тоннасы (1,6%) Яхонт, 290 тоннасы (1,3%) Патриот сорттары.
Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді дайындау
Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 64,6 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың, 74,1 мың литр гербицидтердің 100 пайызы сатып алынды.
Техникалардың дайындығы және жанар-жағармаймен қамтылуы
Шаруашылықтардың қолда бар 4111 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары бүгінгі күні жөндеуден өткізіліп, күзгі егін жинау науқанына қатысуға дайындалуда.
Бүгінгі күні бекітілген кестеге сәйкес бөлінген 5,3 мың тн-ға жергілікті операторлар арқылы толық келісім шарт жасалып, 1,9 мың тоннасының қаржысы төленіп, облысқа 1,5 мың тоннасы жеткізілді. Арзандатылған дизель отыны шаруашылықтарға әр литріне 254 теңгеден таратылатын болады.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне 410,7 мың бас МІҚ, 832,6 мың бас қой мен ешкі, 272,6 мың бас жылқы, 66,5 мың бас түйе және 127,1 мың бас құс тіркелген. Мал басын былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МІҚ-17,8%-ға, қой мен ешкі-2,6% жылқы-3,5%-ға, түйе-0,6%-ға артты.
Осы есепті кезеңде 17,4 мың тонна ет (тірі салмақта), 21,5 мың тонна сүт және 3,3 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ет өндірісі 3,6%-ға, сүт өндірісі 3,0%-ға, жұмыртқа 9,4%-ға артты.
ЭКСПОРТ
Статистикаға сәйкес 2025 жылдың 1 шілдесіне облыстан 21,9 млн. долларды құрайтын 43,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері (күріш, балық өнімдері, қамыс, күріш қалдығы) экспортталып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайызға артты (салмақ бойынша 118,9 пайыз).
Өнімдер әлемнің 19 мемлекетіне экспортталды.
Барлық экспортталған өнімнің 89,2 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Моңғолия және Ирак мемлекеттеріне экспортталып отыр.
Есепті кезеңге 39 152,1 тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 107,3 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Литва, Германия, Дания, Нидерланды, Қытай, Австрия, Сербия, Польша мемлекеттеріне 1 421,5 тонна балық, Германия, Польша, Нидерланды және Түркия мемлекеттеріне 3 193,6 тонна қамыс және Ресейге 120 тонна күріш қалдығы экспортталды.
АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
2024 жылға «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 376 жоба қаржыландырылды (игерілуі 100,0 %). Нәтижесінде 403 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
2025 жылға аталған бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге қаржы қаралып, 559 жобаны іске асыру арқылы 559 жұмыс орындарын ашу көзделуде.
«Кең дала-2» бағдарламасы
Бағдарлама шеңберінде 2025 жылдың көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге былтырғы жылдың қараша айынан бастап құжаттар қабылдануда.
«Кең дала-2» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруға облыс бойынша 22,5 млрд. теңге қаралып, барлығы 81 050 га егістік көлемін қаржыландыруға 14,1 млрд. теңгесі 80 шаруашылықтарға берілді (орындалуы 63%). Шаруашылықтардың қарыздарын кепілдендіру бойынша «Даму» қоры арқылы барлығы 50 шаруашылыққа 9 640,6 млн. теңгеге кепілдеме берілді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУ
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 51 132,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 116,2%-ға артты.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
Инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2025-2027 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісу жұмыстары жүргізілді.
Жол картада облыс бойынша құны 57,1 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 295 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2025 жылы жалпы құны 13,4 млрд. теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, 105 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда 4 жоба іске қосылып, 28 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жол картадағы ірі жобаларды Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген қаржыландыру бойынша 5 жобаға республикалық бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаражат бөлініп, бөлінген қаржыға 4 инвестициялық жоба несиелендірілді.
Атап айтқанда, 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасына, 2 балық шаруашылығын дамыту жобасына, жүн-теріні өңдеу және қалдықтарынан құрама жемді қайта өндеу зауытына берілді.
2025 жылы аталған бағдарлама аясында 11,0 млрд. теңге қаралып, қазіргі таңда 9 жоба пулы жасақталды. Олар: 2 жоба балық шаруашылығын дамыту, 2 жоба тауарлы-сүт фермасының құрылысы, 1 жоба жеміс және көкөніс сақтау қоймасының құрылысы және алма шырынын өңдеу, 3 жоба көкөніс сақтау қоймасының құрылысы және 1 жоба қой фермасының құрылысы жобасы.
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету
Өңірлер бойынша жалпы кезектілікте тұрған өтініштер саны 171,7 мың болса, оның басым бөлігі 107,7 мыңнан астам өтініш Қызылорда қаласына тиесілі.
2018 жылы - 1179 учаске, 2019 жылы - 1383 учаске, 2020 жылы – 1429 учаске, 2021 жылы - 1232 учаске, 2022 жылы - 1194 учаске,2023 жылы -1002 учаске, 2024 жылы – 685 учаске табысталған. Жалпы облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға кезекте тұрғандар саны – 174 800,0 азамат. Оның ішінде: Қызылорда қаласы – 110 937, Арал-11 192, Қазалы- 13 986, Қармақшы - 6 490, Жалағаш – 3 437, Сырдария – 2 247, Шиелі – 13 914, Жаңақорған – 12 597.
Жайылымды басқару мен пайдалану
Мемлекет Басшысының пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару және елді мекендерді жайылыммен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ауылдық елді мекендердің жайылыммен қамтамасыз етілуіне талдау жасалды.
Облыс бойынша өзіндік қосалқы шаруашылықтардағы 153,8 мың бас шартты мал басына 1966,5 мың га жайылым алқабы қажет етіледі.
Бүгінгі таңда облыстағы 146 ауылдық округтің 97 округі жайылыммен толық қамтамасыз етілген, қажет жайылым – 530,1 мың га, қамтамасыз ету деңгейі – 73,0%.
Елді мекендердің маңында орналасқан 40,9 мың га жерлер 19 елді мекеннің жайылымы үшін белгіленді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығымен «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспары» бекітілді.
«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес үлгілік жоспар бекітілгеннен кейін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілуі тиіс.
Осыған сәйкес, бүгінгі күні облыс бойынша жергілікті өкілді органдарының шешімімен барлық аудандарда (қалада) бекітілді.
САЛАНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКЕШТЕРІ
Тұжырымдама аясында атқарылған жұмыстар нәтижесінде саланың макроэкономикалық көрсеткіштері төмендегіше қалыптасты. Атап айтқанда:
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығында 31 462,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,8%-ға артты (оның ішінде, өсімдік шаруашылығы бойынша – 374,2 млн. теңге (НКИ –117,1%, мал шаруашылығы бойынша – 29 044,6 млн. теңге (НКИ – 103,0%).
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі қаңтар-маусым айларында 51 132,0 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 116,2%-ға артты.
Ауыл шаруашылығы негізгі қорына қаңтар-маусым айларында 3 375,9 млн. теңге инвестиция салынып, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 97,1%-ды құрады.
Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға қаңтар-маусым айларында 5578,1 млн. теңге инвестиция салынып, 2024 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,9 есеге (398,2%) артты.