Мемлекеттік қызметтің имиджі (2025 жылдың ІІІ тоқсан)

Агроөнеркәсіп кешені саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде 2025 жылға арналған басқарманың іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығын айқындау мақсатында агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (нормативтік құқықтық актілер Ереже және Қағида) құжаттары басқарманың және облыс әкімдігінің ресми сайтында қызметтерді алу жолдары туралы ақпараттар жергілікті БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (www.Facebook.com) жарияланды.

Басқарма тарапынан агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары СМАЖ, Е-лицензиялау,  Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі САЖ (ИСС) 23 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. Оның ішінде 12 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі субсидиялауға арналған.

2025 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2309 өтінімге қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 1410 өтінімі қанағаттандырылып, 899 өтінімге Қағида талаптарына сәйкес бас тартылды.

Сонымен қатар, 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осы іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне тиісті құқықтық оқыту жұмыстары жүргізіледі.

2025 жылдың ІІІ тоқсан бойынша басқарма тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа жол берген және оған жағдай жасаған қызметкерлер болған жоқ.

Дата публикации
08 октября 2025