2025 жылғы 3 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы есеп

Басқармаға 2025 жылдың екінші тоқсанында барлығы 148 өтініш түсті.

Оның ішінде: жеке тұлғадан - 98 өтініш, заңды тұлғалардан - 50 өтініш түсті. Арыз иелеріне толық жауап беру мақсатында, басқарма тарапынан өзге мемлекеттік органдардан ақпараттар сұратылып, ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, арыз иелеріне өз ұстанымдарын білдіруіне мүмкіндік беру мақсатында тыңдаулар өткізілді.

Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.

Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында жыл басында екі тілде (мемлекеттік және орыс) жарияланды.

Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінен алуға болады.

Байланыс телефондары:

60-54-41; 60-54-47

Дата публикации
08 октября 2025