Азаматтық бюджет

2020 жылдың облыстың ауыл шаруашылығы саласының макроэкономикалық көрсеткіштері

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 94,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,2-ға артты.

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі есепті кезеңде 39,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 123,2%-ға артты.

Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға есепті кезеңде 8,2 млрд. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артты.

Егіс көлемі

Үстіміздегі жылы статистикалық мәліметке сәйкес облыс бойынша  184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың га, майлы дақылдар 5,7 мың га, мал азықтық дақылдар 61,0 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың га.

Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр.

Дәнді дақылдарды жинау

Бүгінде облыс бойынша егілген 4,2 мың гектар күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 9,5 мың тонна өнім алынса, 4,5 мың га жаздық бидайдан 4,6 тонна өнім, 597 гектар жаздық арпадан барлығы 270 тонна өнім және 5 гектар сұлыдан 4,7 тонна өнім 

Азаматтық бюджет
Дата публикации
01 октября 2020