«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 16-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 32-бабына сәйкес, облыстық жер комиссиясының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 50 хаттамалық шешімі және «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы 6 маусымдағы № KZ83VBG01420953, № KZ35VBG01420944, № KZ24VBG01420948 бұйрықтарымен бекітілген жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларының негізінде Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулы қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасассын;
2) ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға
пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тиісті шығасылары KZ24070105KSN0000000
есеп айырысу шотына (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментi, KKMFKZ2A, БСН: Сырдария ауданы 961040000665, код 201901 «ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын өтеу») осы қаулы қабылданған кезден бастап алты ай мерзімде өтесін;
3) бүлінген жерлерден топырақтың құнарлы қабатын алу мен одан әрі пайдалану үшін сақтауды, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) мерзімі өткен соң жер учаскесін қайта жаңғырту арқылы бастапқы қалпына келтіруді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны қайтаруды қамтамасыз етсін;
4) осы қаулы қабылданған кезден бастап бір жыл ішінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлесін;