Басқарма тарапынан арнайы сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшысы және орынбасарларының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелерімен қабылдаудың кестесі бекітілген.
Бекітілген кестеге сәйкес, 2024 жылдың IІ тоқсан бойынша басқарма басшысы 1 жеке қабылдау, басқарма басшысының орынбасарлары 2 жеке қабылдау өткізіліп, ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны 32 штаттық бірлік және штаттан тыс қызметкерлер саны 23 бірлік құрап отыр.