ХАБАРЛАМА

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының 2024 жылғы 29 наурыздағы №15-Ө бұйрығымен құрылған комиссияның  ағымдағы жылдың 04 сәуірінде өткізілген отырысының хаттамалық шешімімен басым дақылдардың тізбесі мен субсидиялау нормалары бекітілді.

Комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, Қызылорда облысы бойынша басым дәндік жүгері және мақсары  дақылдарының өңдеу кәсіпорындарына өткізілген өнімнің 1 тоннасының жалпы шығынының 25 пайызына және жылыжайларды 1 гектарына жылыту, электр шығындарының 2024 жылға арналған субсидиялау нормалары жалпы шығынның  20 пайызына есептеліп бекітілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының «Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялау» Қағидасына  сәйкес ағымдағы жылдан бастап жылыжай кешендерінде көкөніс дақылдарын өсіру  бойынша электр энергиясы мен жылытуға кеткен шығындарын субсидиялау қарастырылған. Қағида талаптарында фермерлік жылыжайларға субсидия алу үшін жылыжайлардың Ұлттық стандарттарының (ҚР СТ-3834-2023) талабына сәйкес келуі қажет.

Ол үшін аудан (қала) аумағында орналасқан фермерлік жылыжайлар иелері (ауыл шаруашылығы мақсатындағы) субсидия алу мақсатында «Ұлттық стандарттау орталығының» Шымкент және Астана қалаларындағы филиалдарына өтінім беру арқылы сәйкестік сертификатын алуы міндеттеледі.

Тиісті сәйкестік сертификаты болмаған жағдайда субсидия төленбейтіндігін білдіреміз.

Дата публикации
17 апреля 2024