Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
2018 жылғы «___»____________№____
бұйрығына 1- қосымша
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің экономикалық сараптау бөлімінің
Ережесі
1.Жалпы ережелер
1)Бөлім басшысы;
2)Бас маман;
3)Бас маман;
4)Әдіскер;
2.Экономикалық сараптау бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 14 ақпанында №420 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуына талдау жасап, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне есеп ұсынылуын қамтамасыз етеді;
2) Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі Агрокартасының орындалуына талдау жасап, тиісті ақпараттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
3) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асырады;
4) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
5)Саланың дамуына бағытталған болжамды көрсеткіштердің әзірленуіне, басқарма қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалануына қатысады;
6) Облыстың ауыл шаруашылығы саласының дамуы бойынша ай сайын және тоқсан сайын әзірленген талдамалы анықтаманың облыс әкімдігіне ұсынылуын қамтамасыз етеді;
7) Қызылорда облысының 2016-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасының сала бойынша орындалуына талдау жасап, орындалуына жауапты органға ақпарат ұсынылуын қамтамасыз етеді;
8) Облыс әкімінің іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына талдау жасап, орындалуына жауапты органға мерзімінде ақпарат ұсынылуын қамтамасыз етеді;
9) «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуын үйлестіреді;
10) Статистика департаментімен бірлесе отырып облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізеді;
11)Ай сайын басқарма басшысына (аудандар арасында) егін, мал шаруашылығы, өндеу саласының көрсеткіштерін жолдап, олардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс береді;
12) Ауыл шаруашылығы саласы бойынша слайдтарды әзірлеу, ауыл шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштері мен дамуы бойынша ақпараттарды басқарманың, облыс әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қадағалау; басқарманың интернет-ресурсына уақытылы ақпараттардың орналастырылуын және оларға өзгерістер енгізілуін қаматамасыз етеді;
13) «Ашық деректер» программалық қамтамасыз ету және ахуалдық орталыққа уақытылы ақпараттардың орналастырылуын қамтамасыз етеді;
14) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен мониторингін жүргізу жөніндегі әдістемелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 50 бұйрығына сәйкес ақпарат береді;
15) Жобалық басқару мәселесі бойынша индикаторлардың жоспарлануы мен орындалуына, детальдық жоспардың әзірленуіне байланысты бөлімдерден ақпараттарды жинақтап, жұмыстарды ұйлестіреді;
16) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қадағалайды;
17)Бөлім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қадағалайды;
18) Бөлімге жүктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін ҚР заңнамасына сәйкес әзірлеу және оларға өзгерістер енгізуін қамтамасыз етеді;
19) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
20) Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.