«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің Ережесі

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының

2018 жылғы «___»____________№____

бұйрығына  1- қосымша

 

 

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт   бөлімінің

Ережесі

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімі (бұдан әрі –бөлім) Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  4. Бөлім 3 адамнан тұрады.Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 1 қызметкер:

1)Бөлім басшысы;

2)Бас маман;

3)Әдіскер.

 

 

  1. Ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады;

            3) Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;

4) Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсынады;

5)Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырын ұйымдастырады;

6)Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

7)Ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасайды;

8) Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

9) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жиынтық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз етеді; 

10) Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жиынтық ақпаратты басқарманың интернет-ресурсында орналастырады;

11) Отандық ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің тауарларын экспорттау бағытында жұмыстарды үйлестіреді;

12) Экспорттау мүмкіншіліктеріне талдау жүргізіп, ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиімді экспорттау бағыттары бойынша кеңестер береді;

13) Ауыл шаруашылығы саласында экспорт динамикасының өсуі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

14) Ауыл шаруашылығы саласындағы тауарларға экспорттаудың тиімді бағыттарына талдау жүргізіп, ұсыныстар енгізеді;

15) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асырады;

16). Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізеді;

17) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялайды;

18) Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастырады;

19) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қамтамасыз етеді;

20) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және ай сайын бөлім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебін әзірлейді;

21) Бөлімге жүктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін ҚР заңнамасына сәйкес әзірлеу және оларға өзгерістер енгізуін қамтамасыз етеді;

22) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

23) Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімінің Ережесі
Дата публикации
20 августа 2020