«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығын дамыту бөлімінің Ережесі

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының

2018 жылғы «___»____________№____

бұйрығына  1- қосымша

 

 

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығын дамыту бөлімінің

Ережесі

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Мал шаруашылығын дамыту бөлімі (бұдан әрі –бөлім) Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi  мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  4. Бөлім 5 адамнан тұрады.Оның ішінде 4 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 1 қызметкер:

1)Бөлім басшысы;

2)Бас маман;

3)Бас маман;

4)Бас маман;

5)Әдіскер.

 

  1. Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.

 

1) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру

2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3)асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;

4) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;

5) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

6) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған                   іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

7) уәкілетті органға жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу, жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;

8)жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекітуге ұсыну;

9) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын және қорғалуын бақылау;

10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес селекциялық - асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді және бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;

11) бал ара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіру;

12) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын, пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, акваөсірумен (балық өсіру шаруашылығы) айналысатын тауар өндірушілер мен өзге де жеке және заңды тұлғаларға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде бюджеттік субсидиялар беру;

 

 

 

3.1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары бойынша орталық атқарушы органмен бектілген жоспарлардың орындайды және қорытындылайды;

3.2. Жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастырады;

3.3. Мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлейді;

3.4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

3.5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатын дайындайтын мемлекеттік пункттерді, ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын, сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйлестіреді;

3.6. Асыл тұқымды мал басының түлік түріне байланысты мемлекеттік тіркелімді жүргізіп, белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыруды үйлестіреді;

3.7. Ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;

3.8. Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;

3.9. Құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;

3.10. Республикалық және облыстық бюджеттерден мал шаруашылығын дамытуға қаралған қаржының шегінде субсидиялау жұмыстарын жүргізеді;

3.11. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін шағын цехтармен кәсіпорындардың тұрақты жұмыс жасауы үшін оның шикізат көзімен байланыстыру мәселерін үйлестіреді;

3.12. Асыл тұқымды шаруашылықтарда мал дәрігерлік шаралардың дұрыс жүруіне және аудандарда ұйымдастырылған қолдан ұрықтандыру пункттердің жұмысына практикалық, әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіреді;

3.13. Облыста мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын үйлестіру және практикалық көмек көрсетеді;

3.14. Мал өнімдерін өңдеу салаларындағы маусымдық атқарылатын жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді, аудандар бойынша мал басына және өндірілген мал өнімдеріне талдау жасайды;

3.15. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қадағалайды;

3.16. Бөлім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қадағалайды;

3.17. Бөлімге жүктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін ҚР заңнамасына сәйкес әзірлеу және оларға өзгерістер енгізуін қамтамасыз етеді;

3.18. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

3.19. Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мал шаруашылығын дамыту бөлімінің Ережесі
Дата публикации
20 августа 2020