Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
2018 жылғы «___»____________№____
бұйрығына 1- қосымша
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің
Ережесі
1.Жалпы ережелер
1.Құқықттық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі (бұдан әрі –бөлім) Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1)Бөлім басшысы;
2)Бас маман;
3)Әдіскер;
4)Әдіскер.
1) Басқарманың мемлекеттік органдарда құқықтық қамтамасыз ету тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
2) Басқарманың нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ресімделуін қамтамасыз етеді;
3) Бұйрықтарды, қаулыларды, өкімдерді, ережелерді, жарғыларды, шарттарды, келісімдерді, құқықтық тәртіптегі өзге де құжаттарды заңға сәйкес дайындалуын қамтамасыз етеді;
4) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді, тиісті орындаушылармен мемлекеттік сатып алу шарттарын әзірлейді;
5) Басқарма бөлімдеріне құқықтық және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
6) Сотта және өзге де органдарда белгіленген тәртіп бойынша басқарманың мүддесін білдіреді;
7) Құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою және азаматтардың құқықтық тәрбиесiн жетілдіру жөніндегі шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) Басқарма қызметкерлеріне тұрақты түрде ҚР заңнамаларына және оларға еңгізілген өзгерістер бойынша құқықтық оқытуларды ұйымдастырады;
9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі» іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, осыған байланысты тиісті мәліметтерді мерзімінде тапсырады;
10) Басқарманың әзірленетін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» программалық қамтамасыз етуіне орналастыруын қамтамасыз етеді;
11) Өз құзыретінің шектеуінде басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құжаттарға бұрыштама мен қол қояды;
12) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қадағалайды;
13) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
14) Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.