Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
2018 жылғы «___»____________№____
бұйрығына 1- қосымша
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің инвестиция және өңдеу бөлімінің
Ережесі
1.Жалпы ережелер
1 Инвестиция және өңдеу бөлімі (бұдан әрі –бөлім) Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1)Бөлім басшысы;
2)Бас маман;
3)Әдіскер.
1)Агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
2)Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыруды қамтамасыз етеді;
3) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыруды қамтамасыз етеді;
4) Агроөнеркәсіп кешенін саласында инвестициялық жобалардың жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
5) Агроөнеркәсіп кешенін саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген құн салығы шегінде қосымша құн салығын субсидиялау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
6) Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеу өндірісінің дамуын ұйымдастырады;
7) Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында озық және бәсекеге қабілетті технологияларды енгізуді ұйымдастырады.
8) Өңірлік индустриаландыру картасына енгізілген агроөнеркәсіп кешенін жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Агроөнерсәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тартуды ұйымдастырады;
9) Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығару үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауды қамтамасыз етеді;
10) Бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшіруді ұйымдастырады;
11) Агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасайды;
12) Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесе отырып өндіру, дайындау, қайта өндеу, өткізу, сақтау, тасымалдау және тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау қызметтері бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің бірлестіктерінің құрылуын үйлестіреді;
13) Ауылшаруашылық өңдеу саласы және тамақ өнеркәсібіне инвестиция таратуға кеңес береді;
14) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қадағалайды;
15)Бөлім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қадағалайды;
16) Бөлімге жүктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін ҚР заңнамасына сәйкес әзірлеу және оларға өзгерістер енгізуін қамтамасыз етеді;
17) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
18) Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.