«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің Ережесі

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының

2018 жылғы «___»____________№____

бұйрығына  1- қосымша

 

 

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің

Ережесі

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Егіншілік және өсімдік қорғау бөлімі (бұдан әрі –бөлім) Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi  мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  4. Бөлім 6 адамнан тұрады.Оның ішінде 5 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 1 қызметкер:

1)Бөлім басшысы;

2)Бас маман;

3)Бас маман;

4)Бас маман;

5)Бас маман;

6)Әдіскер.

 

 

2.Егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары.

 

1) Еңбек тәртібін бұзбау, берілген тапсырманы уақытылы және өз дәрежесінде орындау;

2) Өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы және әртараптандыруға  қатысты ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;

3) Бөлімнің жылдық жоспарын әзірлейді;

4)Аудандар бойынша егін егу және жинау жұмыстарының қорытындысына талдау жасайды, егіншілік салаларындағы маусымдық атқарылатын жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;

5)Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асырады;

6) Егін шаруашылығы бойынша жедел ақпарат жинап, құзіретті органдарға уақытылы жолдайды;

7) Өсімдік шаруашылығын химияландыру және фитосанитариялық қауіпсіздік саласына  қатысты  ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;

8) Бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың,  гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді, қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

10) Карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалу объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;

11) Ауыл шаруашылығын механизациялау саласына  қатысты  ұсыныстарды басқарма басшысының қарауына енгізеді;

12) Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

13) Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеуді жүзеге асырады;

14) Ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақытылы қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар қабылдайды;

15) Ауыл шаруашылығы техникаларының қажеттілігін анықтайды, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы жөнінде ақпарат беріп отырады;

16) Көктемгі егіс және күзгі егін жинау дала жұмыстарына қажетті жанар жағар-майдың есебін шығару және ЖЖМ жеткізуші операторлармен жұмыс жүргізеді;

17)Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіруді  субсидиялауды жүзеге асырады;

18) Жеміс жидек және жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге кететін шығындардың құнын субсидиялауды ұйымдастырады;

19) Бюджеттік бағдарламаларға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізіп беру жөнінде қызметтердің құнын субсидиялауды жүзеге асырады;

20) Шаруашылықаралық су жүйелері және қашыртқы тазалау, олардағы гидротехникалық қондырғыларды жөндеу жұмыстарының барысы жөнінде мәліметтер жинақтайды;

21) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қадағалайды;

22) Бөлім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуын қадағалайды;

23) Бөлімге жүктелген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін ҚР заңнамасына сәйкес әзірлеу және оларға өзгерістер енгізуін қамтамасыз етеді;

24) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

     25)Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің Ережесі
Дата публикации
20 августа 2020