Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
2018 жылғы «___»____________№____
бұйрығына 1- қосымша
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік бөлімінің
Ережесі
1.Жалпы ережелер
1.Әкімшілік бөлімі (бұдан әрі –бөлім) Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
4.Бөлім 4 адамнан тұрады.Оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші және штаттан тыс 2 қызметкер:
1)Бөлім басшысы
2)Бас маман
3)Ісқағаздарын жүргізу және құжаттамалық бақылау маманы
4)Әдіскер
2.Әкімшілік бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау.
2) Облыс әкімі аппаратымен тығыз байланыс жасау;
3) Басқарма қызметкерлерінің бағалау жұмыстарын ұйымдастыру;
4) Басқарма басшысының бұйрықтарын дайындау;
5) Кадрларды жасақтау, орналастыру және жұмыстан босату құжаттарын дайындау, аттестациядан өткізу, біліктілігін арттыру, ант қабылдату жұмыстарын ұйымдастыру;
6 )Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметтегі өтілін анықтау комиссиясының жұмысын жүргізу, мерзімі келген құжаттарды мұрағаттарға өткізу;
7) Жаңадан келген мемлекеттік қызметкерлердің арнайы тексеруден өтуін қамтамасыз етеді;
8) Басқарманың құрылымын, штат кестесін жасақтап, оны басқарма басшысының бекітуіне ұсынады;
9)Қызметкерлердің арасында еңбек тәртібін сақтауды қадағалайды;
10) Мемлекеттік қызметшілердің табысы туралы декларациясын тапсыруды қадағалайды;
11) Бөлім мамандарының өздеріне бекітілген жұмыстарының уақытылы, сапалы орындалуын ұйымдастырады;
12) Басқарма бойынша өткізілетін іс-шараларды үйлестіреді;
13) Басқарманың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, қызмет этикасы журналындағы жазулармен, сенім телефонына келіп түскен мәліметтермен жұмыс жүргізеді;
14) Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдары туралы 1-ОЛ есепті тоқсан сайын тапсырады;
15) Басқармада өтетін жиналыс, алқа мәжілістеріне ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
16) Басқармамен көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептерді ай сайын тапсырады;
17) Басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
19) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
20) Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.