Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 1-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

  1. «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы
    №925 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6017 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
    мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда облысының

                          әкімі                                                                    Қ. Көшербаев

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Дата публикации
18 августа 2020