«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі
шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін
атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген, 2018
жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік
статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы
Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Редакциялау күні 01.08.2020
Сақтау күні 06.08.2020
Дата редакции 01.08.2020
Дата скачивания 06.08.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде
агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу
бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа
қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржы
құралдары және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Қағидалардың 10-тармағы екінші абзацы 2020 жылғы 31 желтоқсанға
дейін қолданылады. Қағидалардың 10-тармағы үшінші абзацы, 6-тарауы 2021
жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
18 августа 2020