«2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 161 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және
өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы
15 наурыздағы № 108 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 18404 нөмірімен тіркелген) сәйкес
Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын
    дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын
    арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Қызылорда облысы
    әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 161 қаулысына (нормативтік
    құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7234 нөмірімен
    тіркелген, 2020 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік
    құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған)
    мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2020 жылға арналған асыл тұқымды
мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және
өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының
қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
    мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды
    қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің
    орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қызылорда облысының

                 әкімі                                                                  Г. Әбдіқалықова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігімен

«2020 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 161 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
13 августа 2020