«Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция
комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 03-03-722 ұсынысына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда өңірдегі карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шараларды қамтамасыз етеді.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14807193