Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі туралы

 

Қызылорда қаласы                                                          «30» маусым 2020 жыл.     

         Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдын әрі – Басқарма) басқарма басшысының міндетін атқарушының 2020 жылғы
29 маусымдағы № 58-ө бұйрығына сәйкес, жұмысшы топ құрамында:
С. Мұстаяпова - Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, топ жетекшісі, Б. Демесінов - Әкімшілік бөлімінің басшысы, топ мүшесі болып басқарманың барлық бөлімдерінің 2020 жылғы
І-жартыжылдық кезеңі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

 

         Басқарма бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
  3. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
    ҚР Заңы;
  4. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
    8 шілдедегі №66 Заңы;
  5. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы»ҚРЗаңы;
  6. «Өсімдік қорғау туралы» ҚР Заңы;
  7. «Өсімдік карантині туралы» ҚР Заңы;
  8. 8. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы;

9.«Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы;

  1. «Астық туралы» ҚР Заңы;
  2. Өзге де нормативтік құқықтық актілер.

 

         Бөлімдердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы
27 сәуірдегі № 768 қаулысына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай саларалық нормативтерін бекіту туралы» №1002 бұйрығына сәйкес басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметшілер саны - 31, ал штаттан тыс қызметкерлер саны - 13, барлығы 44-бірлік қызметкер жұмыс атқарып келеді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері лауазымдарға бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес, өздерінің білім деңгейі бойынша қызмет атқаруда.

2020 жылдың І-жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілердің арасында жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.

Сонымен қатар, 2020 жылдың І-жартыжылдығында басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметтен басқа мемлекеттік лауазымға ауысып қызмет атқаруда.
         Атап айтқанда, бұрынғы басқарма басшысының орынбасары Нұрымбетов Сейілбек Серғазыұлы 2020 жылдың 8 сәуірінен бастап басқарма басшысының орынбасары қызметінен  босап, басқарма басшысы болып тағайындалды, егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің бас маманы Жұмабеков Нұрбол Баянәліұлы 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап өз өтініші негізінде жұмыстан босатылып, қазіргі таңда Сырдария аудан әкімі аппаратында жұмыс атқаруда.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

         Талдау кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыруға ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша «Ақпараттық - есептеу орталығы» АҚ-ның сүйемелдеуімен «Qoldau.kz» бизнеске арналған цифрлық платформасы арқылы субсидиялау толықтай электронды жүйесіне көшіріліп, жұмыс жүргізілуде.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бағыты бойынша өтінімдер электорды түрде www.plem.kz селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың бірыңғай субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (САЖ) арқылы өтінімдер қабылдануда.

 

         3.1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі:

Мал шаруашлығын дамыту бөлімі бойынша:

1) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау;

2) Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;

 

Егіншілік және өсімдік қорғау бөлімі бойынша:

         1) Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау;

         2) Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

3) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің  құнын субсидиялау;

4) Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау;

5) Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;

 

Инвестиция бөлімі бойынша:

1) Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;

2) Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау;

 

Ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорт бөлімі бойынша:

1) Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

2) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;

3) Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу;

4) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;

 

Тұқым шаруашылығы және астық инспекциясы бөлімі бойынша:

1) Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау;

2) Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру;

3) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

 

Экономикалық сараптау бөлімі бойынша:

1) Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

2) Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі бойынша:

1) Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау;

2) Микрокредиттерге кепілдік бойынша комиссия.

 

 

        

3.2. Дискрециялық мерзімдер мен құзыреттер, әкімшілік кедергілер.

Дискрециялық мерзімдердің бұзылуы орын алмаған, әкімшілік кедергілер жоқ.

 

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Рұқсат беру функциялары толықтай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді,тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі электронды түрде «Е-лицензия» рұқсат құжаттары деректер қоры арқылы жүргізіліп, тұқым шаруашылықтарына аттестаттау туралы куәлік беріледі.

2020 жылы аттестаттау туралы куәлік төмендегі тізімде көрсетілген шаруашылықтарға берілді:

  • «Рза-Агро» ЖШС-і тұқым өсіру шаруашылығына күріш дақылына;
  • «Мағжан и К» ТС-іэлиталық тұқым өсіру шаруашылығына күріш дақылына;
  • «Жаңажол» ЖШС-і тұқым өсіру шаруашылығына күріш дақылына;
  • «Түгіскен ТШ» ЖШС-і элиталық тұқым өсіру шаруашылығына күріш дақылына;
  • «Мағжан и К» ЖШС-і тұқым өсіру шаруашылығына күріш дақылына;

         6) «Мағжан и К» ЖШС-не тұқым өсіру шаруашылығына күріш дақылына дәлелді бас тарту (Себебі: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңының 19-1-бап, 2 т. 2) т.ш. - на сәйкес, ҚР-сы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» қағидаларының 2-қосымшасының 3-тармақ 8 (ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен жасалған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруді ғылыми сүйемелдеуге арналған шарттың болуы) және 10 (ҚР-сы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығының аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс қорытындылары талаптарға сәйкес емес) тармақтарының талаптарына сәйкес емес).

 

  1. Бақылау функцияларын іске асыру.

Бақылау жұмыстары тұқым шаруашылығы және астық инспекциясы бөлімімен тұқым шаруашылығы саласында және астық қауәпсіздігі мен сапасына жүргізіледі.

Тұқым сапасына сараптаманы «Астық сапасы» ЖШС-ның облыстық, аудандық аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізетін зертханалар жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің, мемлекеттiк сорт сынау учаскесі мен станциясының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлерi бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу санын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылған комиссия айқындайды. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі комиссияның жұмыс органы болып табылады. Тұқым сапасына сараптама жүргізу зертханаларының жұмыстарын салыстыру мақсатында ай сайын бақылауда болады.

Облыс бойынша астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар 2 астық қабылдау кәсіпорындары – «Абзал и К» ТС-гі, «Абай Дәулет» ЖШС-гі жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы қолда бар астықтың мониторгі ай сайын және астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық қозғалысының есебі апта сайын жүргізілуде.

Дегенмен, Заңнама талаптарына сәйкес, бақылау шаралары тұқым шаруашылығы саласында тауар өндірушілерді объекті басында тексеріп-қарау жолымен жүргізілетіндіктен сыбайлас жемқорлық тәуекелінің индикаторы болып қала береді.

 

  1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау кезеңінде басқарма бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандар болмаған.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты түрде семинарлар мен құқықтық оқытулар өткізілген, бекітілген жоспарға сәйкес, іс-шаралар өткізілген.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жағдай жасайтын себептер мен жағдайларды жою және болдырмау мақсатында ҰСЫНАМЫЗ:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды.

  1. Басқарманың жылдық жоспарына сәйкес тұрақты түрде басқарма қызметкерлеріне және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерге әр бағытта, атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда оқытулар өткізілсін.
  2. Басқарма қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бекітілген регламенттерінің сақталуын және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың алдында Әдеп нормаларын сақтап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
  3. Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілсін.
  4. Басманың мемлекеттік сатып алу жұмыстары «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес өткізілуі қатаң басшылыққа алынсын.
  5. Басқармаға келіп түскен арыз-шағымдарды қарау мерзімдері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау» Заңына сәйкес жүргізілсін.
  6. Басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі мен сенім телефондары және сыбайлас жемқорлық тақырыбында мақалалар жергілікті баспасөз газеттерінде жариялануы қамтамасыз етілсін.

Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген жұмыс тобының қызметкерлері мен үйлестіруші тұлға және бөлімінде ішкі талдау жүргізілген қызметкерлер:

Мұстаяпова Светлана

Сабыржанқызы

 

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы- топ жетекшісі,

Демесінов Бақытжан

Қанатұлы

Әкімшілік бөлімінің басшысы- топ мүшесі.

 

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижесі туралы
Дата публикации
30 июня 2020