«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда ағымдағы жылы және өткен жылы төртінші тоқсанда өңдеуге тапсырылған майлы дақылдар мен дәндік жүгері өнімдерінің шығындарын ішінара өтеуге субсидия төленеді. Бұл өз кезегінде шаруашылықтарға өткен жылы жұмсалған шығындарын ішінара өтеуге және биылғы жылғы көктемгі дала жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыруға қаржылай қолдау болады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14647057