Басқарма тарапынан арнайы сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшысы және орынбасарларының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелерімен қабылдаудың кестесі бекітілген.
Бекітілген кестеге сәйкес, 2023 жылдың ІIІ тоқсан бойынша басқарма басшысы 4 жеке қабылдау, басқарма басшысының орынбасарлары 6 жеке қабылдау өткізіліп, ақпараттар мен түсіндірме мәліметін алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының штат кестесінде мемлекеттік қызметшілер саны – 32 штаттық бірлік және штаттан тыс қызметкерлер саны – 23 бірлік құрап отыр.