Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдың ІІІ тоқсанында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында біршама жұмыстар атқарып келеді.
Басқарманың сенім телефондары белгіленіп, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселемен қабылдаудың кестесі бекітілді. Қабылдау кестесі мен сенім телефондары жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызметті көрсету барысында және қызмет барысында қолданыстағы заңнамаларды сақтамай бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды.
Агроөнеркәсіптік кешен саласын субсидиялау аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жаңа «Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі» іске қосылуына байланысты жыл басынан бері басқарма басшылығы және тиісті мамандары барлық аудан орталықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарын аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, басқарма басшысы азаматтармен жеке қабылдау жүргізіп, жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары бойынша заңға сәйкес тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мамандарының қатысуымен басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалардына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайын отырыс өткізілді.
Жыл басынан бері басқармаға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу сапасына қатысты арыз-шағымдар/наразылықтар келіп түскен жоқ.
Бүгінгі күні басқармада сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген және алдағы уақытта да басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.