«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығының 24 тармағына сәйкес, Дизель отынының өткізілмеген көлемі болған кезде оператор ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге (ЖАО-мен келісу бойынша) осы көлемдердің:
1) егін жинау жұмыстарын жүргізуге;
2) жемшөп дайындауға;
3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді қамтамасыз етуге өткізілетінін жеткізеді.
Осы орайда, 2023 жылғы көктемгі дала және егін егу жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынының көлемінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан сұраныс болмай, операторларда қалған қалдық көлемдерді жоғарыда көрсетілген жұмыстарға өткізуге болатындығын хабарлайды.
Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7242) 60-54-42, 8 707 933 43 78